Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > БАҚ біз туралы > Күрделі мәселелерді шешудің бір жолы — цифрландыру

Күрделі мәселелерді шешудің бір жолы — цифрландыру

Бану ӨМІРЗАҚОВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

университетінің оқытушысы:

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында экономиканың тұрақты түрде дамуы салық саясатының дұрыс жүргізілуіне байланысты екенін айтты. Сондықтан бюджетке төленетін міндетті төлемдердің уақтылы әрі толығымен түсуін бақылауды цифрландыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты жердің құнары, су ресурстары мен суару жолдары туралы мағлұматтар бір арнаға, яғни цифрлық платформаға жинақталатынын тілге тиек етті. Цифрлық технологияның қарыштап дамыған кезеңінде Президентіміз сұранысқа ие білікті мамандардың қатарында IT саласының да мамандары бар екенін айтты. Осы ретте өзімнің IT маманы болғаныма ерекше қуандым. Алда тәжірибе жинап, ақпараттық технология бойыншаОтанымды өркендетуге атсалысатын боламын.

 

/aqtobegazeti.kz/