Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірігіп 1450 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірігіп 1450 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

Қазақстандықтар білім-ғылым төңірегіндегі сұрақтарға жауапты 1450 нөміріне қоңырау шалу арқылы ала алады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды.

Байланыс орталығының жұмыс уақыты — күнделікті сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

«Ашылғалы бері бір тәулік ішінде колл-орталыққа орта есеппен 300-ден астам өтініш келіп түсті. Азаматтар мектепке дейінгі, негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің түрлі мәселелері бойынша өтініш білдіреді. Мамандар әрбір жүгінген адамға түсініктеме береді. Студенттер мен ата-аналар оқуға қалай түсуге, ЖОО-нын қалай таңдауға, бір ЖОО-нан екіншісіне қалай ауысуға және басқа да мәселелерге қызығушылық танытқан», — деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов.