Вторник, Март 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде пәтерден қуылған студенттерге жатақханадан орын берілді

Ақтөбеде пәтерден қуылған студенттерге жатақханадан орын берілді

Ақжүніс Хамза өңірлік университеттің екінші курс студенті.

Былтыр жатақхананы паналаса, биыл 3 құрбысымен бірге пәтер жалдап тұруға келіскен. Облыс орталығындағы жаңа үйлердің бірінен айына 80 мың теңгеге екі бөлмелі, жайлы баспана тауыпты. Коммуналдық төлемдерді де мойнындарына алған.

Ақжүніс Хамза, студент:

— Кейіннен бізге хозяйкамыз келді де айтты.  Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты, сіздер т аныссыздар, сол үшін біз  пәтер бағасын жүзден 120 арасына көтереміз деді. Біз әрине студентпіз біздің ондай қаражатты қалматыз көтерген жоқ. Сондықтан біз жатақханаға өтініш бердік. Коменданттық сағат пен өзге да ортақ ережелерді айтпағанда жатақханаға орналасу ережесі аз емес. Мәселен бірінші кезекте жетім балалар мен әлеуметтік әлжуаз отбасында өскендерге және І курс студенттеріне орын беріледі. Өзге өңірлдерден келгендер де кезектің алдыңғы қатарында. Жыл сайын бұл оқу орны жатақханасына 1800 студент орналасатын. Биыл да сол шама. Қосымша 400-ге жуық орын бос тұр.

Лаура Қарабасова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры:

— Ешқандай да ережеге қарамастан, күрделі жағдайды ескеріп біз жатақханаға орналастыратынымызды айттық. Бүгінгі күнге дейін бізде 32 адам хабарласты. сол 32 адамның 30-ның өтініші қанағаттандырылып, жатақханадан орын берілді. Ал 2 студент – қаланың балалары. Қаланың шетінде тұрады. Сондықтан олар өз үйіне көшіп баруға шешім қабылдады.

Студенттер заңгердің де көмегіне жүгіне алады. Жоғары оқу орны мамандары жалға беруші пәтер иелерімен күрделі қарым-қатынастағы жастарға тегін көмекке келуге әзір.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айбек Даутов

/24.kz/