Вторник, Март 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

2022 жылдың 29 қыркүйегінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес желтоқсан айында болған екі мереке енді атап өтілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

тап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізбесінен алынып тасталды.

Сонымен қатар биылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн — 16 желтоқсанда атап өтіледі. Заңның бұрынғы редакциясында 16 және 17 желтоқсан демалыс күндері болған.

Тиісінше, Қазақстандықтардың желтоқсан айында демалыс күндері де азайып, 1 және 17 желтоқсан жұмыс күндері болды.

Алайда «қызыл даталарға» жаңа ұлттық мереке 25 қазан — Республика күні қосылды.