Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > БАҚ біз туралы > Еліміз нығая береді

Еліміз нығая береді

Үмбетқан СӘРСЕМБИН,
философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі.

Уақыттың қоғамнан талап ететін өз құндылықтары болады. Соның ішінде әділеттілік, бәсекеге қабілеттілік, еңбек өзінің мәртебесін барлық кезде де жоғалтқан емес. Әділетті қоғам, ауызбіршілігі мол ел өркениетке ерте қол жеткізген. Президенттің сайлауалды бағдарламасында бұл мәселелерге көңіл бөлінуінің себебі де осында жатса керек. Сайлауда өз таңдауын жасаған халық Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларын қолдайтындығын, оған үлкен сенім артатынын көрсетті. Геосаяси мәселелер ушығып отырған қазіргі әлемде Қазақстан халқы Президенттің айналасына осылай топтасуы қажет. Әрбір азаматтың бар мүмкіндігінше елдің даму стратегиясына қолдау білдіруі маңызды. Сонда ғана елдің болашағын нығайта аламыз. Еліміз бұдан әрі нығая береді, кейінгі ұрпақтың бүгінгі біздің осындай тағылымды істеріміздің игілігін көретініне сенімім мол.

 

/aqtobegazeti.kz/