Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер мен педагогтар кәсіпкерлік дағдыларды меңгерді

Студенттер мен педагогтар кәсіпкерлік дағдыларды меңгерді

Жұбанов университетінде «Барлығына арналған кәсіпкерлік» тренингі өтті. Тренинг аясында екі күн бойы оқу орнының оқытушылары мен студенттері кәсіпкерлік дағдыларды меңгерді. Жастарға өздерінің коммерциялық өнімдерін әлеуметтік желілерде қалай дамыту жолдары айтылды. Ал университет қызметкерлері кәсіпкерлік пен қаржылық сауаттылық негіздері туралы көп нәрсе білді.

— Жыл сайын біздің студенттер Қазақстанның түрлі қалаларында модульдік оқытудан өтеді. Бұған дейін біз Алматы мен Щучинск қалаларында өткен тренингтерге бардық. Бұл жолы оқу өзіміздің университет базасында өткізіліп отыр. Студенттер өз тауарларын әлеуметтік желілерде қалай жарнамалау керектігін үйренді. Тренинг тақырыбы өте өзекті мәселелерге арналды. Бұл студенттер үшін алғашқы табыстарын табуы үшін алғашқы бастама болуы да мүмкін. Қазіргі таңда білім алушыларды оқыту көптеген заманауи өзгерістерге толы. Оқытушылар білім берумен қатар, зерттеу жұмыстарымен де белсенді айналысады. Сол үшін оқытушыларымыздың да кәсіпкерлік ойлау деңгейін дамытудың маңыздылығы жоғары, — дейді университеттің коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі Нұрбек Дүймұханов.

Айта кетейік, тренинг ақысыз өткізілді.
Тренингтен кейін барлық тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.