Среда, Май 8, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім алушылар назарына!

Білім алушылар назарына!

Академиялық күнтізбеге сәйкес ағымдағы оқу жылының 6-31 наурызы аралығында 2023-2024 оқу жылына арналған оқу модульдеріне білім алушылардың тіркелуі ұйымдастырылады. Модульдерге жазылу (тіркелу) куратор-эдвайзердің басшылығымен жүргізіледі. Куратор-эдвайзерлер білім алушыларға Элективті модульдер каталогымен таныстыру, таңдау пәндерінің сипатамаларын презентациялау, әдістемелік бағыт-бағдар беру жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыруы тиіс.

Білім алушылар осы аралықта 2023-2024 оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) құрастыру үшін оқу модульдеріне міндетті түрде тіркелуді аяқтауы керек!