Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенті “Song and Dance” Халықаралық байқау жеңімпазы атанды

Университет студенті “Song and Dance” Халықаралық байқау жеңімпазы атанды

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультеті «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Нұрбол Жұмабаев Өскемен қаласында өткен “Song and Dance” Халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды. Ол Жантөренің “Шалқыма” күйін орындап, «Орындаушылық шеберлік» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.

Байқау қатысушыларының өнерін Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері, білім, мәдениет және өнер саласындағы жоғары білікті мамандар мен ұстаздар бағалады.
Айта кетейік, Нұрбол Жұмабаевқа «Музыкалық білім және хороеграфия» кафедрасының доценті, PhD Абдрашид Раимбергенов жетекшілік етті.

Өнерпаз студентімізді жетістігімен құттықтаймыз!