Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Математик ғалымдар ҰБТ-ға дайындалу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді

Математик ғалымдар ҰБТ-ға дайындалу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді

Бүгін Жұбанов университетінде білікті математик ғалымдар Математика-Физика, Математика-Информатика бейіндік пәндерін таңдаған 11-сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Іс-шараға қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерден 100-ден астам оқушы қатысты. Сондай-ақ, өзге облыстар мен аудандардағы мектептердің бітіруші түлектері шеберлік сабақтарына әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде қатысуға мүмкіндік алды.

Шеберлік сабағы барысында тәжірибелі мамандар ҰБТ тапсыру кезінде уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Математик ғалымдар мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдарын, контекстік тапсырма, есепті шешу жолдарын оңайлатудың құпиясымен бөлісіп, формулаларды дұрыс қолдана білуді үйретті. Мұғалім берген бағыт-бағдармен өз бетінше жаттығуға дағдыланудың көмегі көп екенін атады.

Сонымен қатар кездесуде қатысушыларға Шотландиялық Хериот-Уатт университетінің филиалына оқуға түсу мүмкіндіктері және шетел тілін меңгеру бойынша кеңестер берілді.