Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ұжымы белгілі математик ғалыммен кездесті

Жұбанов университетінің ұжымы белгілі математик ғалыммен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің ұжымы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Назарбай Блиевпен кездесті.

Кездесуге облыс әкімі Ералы Тоғжанов, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.

Облыс басшысы Ералы Тоғжанов көрнекті қазақ математигінің білім мен ғылым саласына және өңірдің дамуына қосқан айрықша үлесін атап өтіп, профессорға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Өз кезегінде математик ғалым Назарбай Блиев ғылыми бағыты туралы, қазақстан математиктерінің жетістіктері жайында баяндап, алғысын білдірді.

Іс-шара барысында профессордың өнегелі өмір жолы, математикалық анализ, функциялар теориясы саласындағы тың зерттеулері жайында айтылды.

Ғалымның әріптестері профессор Кенжеғали Кенжебаев, профессор Қуанышбек Шүңкеев, «Learning» оқу орталығының директоры Талғат Шериязданов тағы басқа математиктер Назарбай Блиевтің математика саласына сіңірген еңбектеріне тоқталды.