Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің спортшылары Тоғызқұмалақтан Жекелей чемпионатта жеңіске жетті

Жұбанов университетінің спортшылары Тоғызқұмалақтан Жекелей чемпионатта жеңіске жетті

Түркістан қаласында өткен Тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы рапид және блиц түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Жұбанов университетінің спортшылары жүлделі орындарды иеленді.

Чемпионатқа қатысқан еліміздің 100-ден аса спортшысының арасынан  университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушысы Азамат Қайдаров екінші орынды иеленіп, Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына жолдама ұтып алды. Ал «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Диас Жанбау Румынияда өтетін Әлем кубогіне жолдама алды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!