Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > ХІІ жазғы универсиадада тоғызқұмалақтан университет командасы бірінші орын иеленді

ХІІ жазғы универсиадада тоғызқұмалақтан университет командасы бірінші орын иеленді

Ақтау қаласында еліміздің жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтіп жатқан ХІІ жазғы универсиадада тоғызқұмалақтан Жұбанов университетінің ерлер командасы бірінші орынды иеленді.

Жекелей есепте кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері Алмас Тілегенов бірінші орынды иеленсе, Диас Жанбау және Баян Серікқызы үшінші орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Ақтау қаласында өтіп жатқан студенттер сайысы спорттың 17 түрі бойынша өткізілуде. Оған еліміздің 55 университетінен 3000-нан астам студент қатысуда.

Жеңімпаз спортшыларымызды жетістігімен құттықтаймыз!