Среда, Май 1, 2024
Басты > Жаңалықтар > Медицина саласының қызметкерлері марапатталды

Медицина саласының қызметкерлері марапатталды

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі «Медицина қызметкерлерінің күні» ретінде аталып келеді.

Бүгін төл мереке қарсаңында Жұбанов университеті басшылығы емхана қызметкерлерін құттықтады. Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге университет ректорының және Бастауыш кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары табыс етілді.

Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров дәрігерлердің қоғамда алатын ерекше орнын атап өтіп, студенттер денсаулығына жауапты мамандардың қызметіне ұжым атынан алғысын білдірді.

Айта кетейік, сонымен қатар мерекеге орай Жұбанов университетінің емханасының қызметкерлері ақшалай сыйақымен және кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтармен  марапатталды.