Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Назарбаев университетінің профессоры қонақ дәрісін өткізді

Назарбаев университетінің профессоры қонақ дәрісін өткізді

Бүгін Жұбанов университетіне Назарбаев университетінің профессоры, PhD Дуйшон Шаматов келіп, жазғы мектеп аясында оқытушыларға қонақ дәрісін өткізді.

Профессор дәрісі барысында жоғары оқу орындарындағы бағалау стратегиялары, бағалау арқылы студенттерді ынталандыру жолдарына тоқталды.

Ғалымның айтуынша, бағалау арқылы студенттердің оқу сапасын арттыру маңызды.  Осы арқылы білім алушылар өздерінің интеллектуалды әлеуетін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар дәріс кезінде профессор оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында танымдық дәріс өткізіп, тәжірибесімен бөліскені үшін Дуйшон Шаматовқа Басқарма төрағасы-Ректор атынан алғыс хат табысталды.