Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қазақстанда Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылады

Қазақстанда Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Хериот-Уатт университетінің филиалы құрылсын. Оқу орнының негізгі қызмет нысаны білім беру қызметтерін көрсету, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу филиалдар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. Филиалдағы білім беру процесі шетелдік профессорлық-оқытушылық құрамды тарта отырып, мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі, олардың үлесі филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы санының кемінде 30%-ын құрайды», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатта жазылғандай, Хериот-Уатт университетінің филиалын ҚР мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде алынған қаражат және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Құжат 4 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

//www.inform.kz/kz/