Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет түлегі Мемлекет тарихы институтының директоры болып тағайындалды

Университет түлегі Мемлекет тарихы институтының директоры болып тағайындалды

Жұбанов университетінің түлегі Нұрбек Пұсырманов Мемлекет тарихы институтының директоры лауазымына тағайындалды.

Ол Жұбанов университетін 2010 жылы тарих бакалавры, ал 2013 жылы магистратура бойынша тәмамдаған. 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурасын бітірген (PhD).

Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әртүрлі жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Ғылым жөніндегі вице-президенті тағы да басқа қызметтер атқарған.

Әр түлектің жетістігі — университет мақтанышы.

Жұбанов университеті ұжымы Нұрбек Пұсырмановты жаңа қызметімен құттықтайды. Отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!