Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Гандболмен айналысып келе жатқаныма 10 жыл

Гандболмен айналысып келе жатқаныма 10 жыл

Нұртай БАТЫРБЕК
Zhubanov University «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітіруші, Үздік диплом иегері

Гандбол — миллиондар ойыны емес. Бұл спорт түріне не үшін қызықтыңыз?

-Гандболға дейін мен көптеген спорт түріне қатысқанмын. Мысалға айта кетсем, волейбол, баскетбол, футбол, шахмат,таэквандо. Өзіме ыңғайлы және ұнайтыны гандбол болғандықтан осы спорт түріне тоқталған болатынмын. Биыл гандболмен​ айналысып келе жатқаныма 10 жыл толды.
Гандбол спортынан ҚР чемпионымын және ҚР спорт шеберімін.

-Сүйікті ойыныңызды тарихта аты қалған әріптесіңіз, даниялық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап​ тауыпты. Басында өз балаларына арнаған​ бұл ойын дүниежүзіне тараса деп армандамаса керек. Гандболдың Азия елдеріне жеткеніне де ширек ғасырдан уақыт ауыпты.
Ең мықты гандбол командасы Қазақстанның қай қаласында деп ойлайсыз?

-Шындығында Қазақстан супер лигасында гандбол бойынша барлық командалардың деңгейі бірдей деп айта аламын. Бір кезде ұтыламыз, бір кезде ұтамыз дегендей. Бірақ біздің Ақтөбе облысының атынан шығып жүрген ГК ”Елек” командамыздың ойнау стилі ерекше дегім келеді.

Студенттік жылдардан спорттағы жетістіктеріңізден басқа​ қандай естеліктер есте қалды?

-Жалпы студенттік өмір өте қызық кез. Спорттан басқа мен оқушы кезімнен мектепте​ КВН-де ойнадым. Университетте бұл өнерімді жалғастырдым.​ Осы 2023 жылы университет лигасында факультетіміз чемпион болды.

Әлеуметтік желілерде блог жүргіземін дедіңіз, қандай тақырыпта көбірек әңгіме қозғайсыз? Жазылушылар кері байланыста қандай пікір қалдырады?

-Күлкі адам өмірін ұзартады дейді. Жүрген жерімде қасымдағыларды күлдіртіп жүруге тырысамын. Сол үшін әлеуметтік желідегі блогымда көрерменге күлкі сыйлап отырамын. Басында түрлі пранктар түсірген болатынмын, қазір өмірлік жағдайларды , яғни былай айтқанда “ЖИЗА” түсіремін. Кері байланысқа жазылушыларым күліп, көңілденіп жауап беріп жатады.

Сөз соңында сізге сәт сапар дейміз, алдағы барлық бастамаларыңызға оң нәтиже тілейміз!​

-Көп рақмет, айтқаныңыз келсін. Сізге де сәттілік тілеймін!

Гүлнара Қараша
Zhubanov University облыстық газеті,

№ 6(486), маусым, 2023 ж.