Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Еуразия жастарының халықаралық форумы

Еуразия жастарының халықаралық форумы

Ағымдағы жылдың 17-23 қыркүйегі аралығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұйымдастыруымен, Қытай Халық Республикасының Пекин және Сиань қалаларында Еуразия мемлекеттерінің ең үздік жас мамандарынан құралған Жастар форумы өткізілді. Еуразия Жастар форумында Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения тағы басқа да елдерден келген жас мамандар бас қосты.

Форумға Қазақстан Республикасының жас мамандары атынан Жұбанов университетінің Конфуций институтының Қазақстан тарапынан директоры Дәулет Қантөреұлы қатысты.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Жастар форумында экономикалық,сауда-бизнес,білім және ғылым,тіл мен мәдениет алмасуда негізгі ынтымақтастық бастамалары жайы тағы да басқа өзекті мәселелер талқыланып, алдағы уақытта осындай ауқымды шараларды басқа мемлекеттерде жалғастыру жоспары айтылды. Бұл бағыт жастардың достыққа, ынтымақтастыққа бірлесе қызмет ету күшіне жаңа серпін береді.