Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің кіші қызметкерлері марапатталды

Университеттің кіші қызметкерлері марапатталды

Еңбек күніне орай бүгін Жұбанов университетінің басшылығы бірқатар кіші қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев құттықтау сөз сөйлеп, оқу орнының тазалығының сақталуында, қызметкерлердің қолайлы ортада жұмыс жасап, студенттердің алаңсыз білім алуында кіші қызметкерлердің еңбегі ерекше екенін атап өтті.

Өз кезегінде марапат иелері басшылық тарапынан танытылып жатқан қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара барысында университеттің өнерлі жастары шағын концерттік бағдарлама ұсынып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымының атынан марапат иелеріне сыйлықтар табысталды.