Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Педагогикалық қайта даярлау курсы бойынша 45 тыңдаушы білім алуда

Педагогикалық қайта даярлау курсы бойынша 45 тыңдаушы білім алуда

Жұбанов университетінде Пост-дипломды педагогикалық білім беру – сертификациялық қайта даярлау курсы бойынша оқыту басталды.

2023-2024 оқу жылында 45 тыңдаушы қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, математика, информатика, тарих, биология білім беру беру бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда педагогикалық қайта даярлау курсында білім алуда.

Педагогикалық қайта даярлау курсының биылғы жылғы ерекшелігі университет пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өңірде педагог мамандарды даярлау бойынша меморандум аясында курс тыңдаушыларына «Педагогика» пәнін аталмыш ұйымның педагог-тренері Жанар Займолдина жүргізуде.

Айта кетейік. курстың оқу мерзімі — 9 ай. Тыңдаушылардың теориялық оқуы университет базасында қыркүйек-желтоқсан айларында, екінші кезең қаңтар-наурыз айлары аралығында мектепте педагогикалық практикада жүзеге асады.Педагогикалық қайта даярлау курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға ЖОО сертификаты беріледі.

Сондай-ақ курсқа қабылданған тыңдаушы курс шеңберінде сәйкес 46 кредитті игереді. 36 кредит теориялық оқуға, 10 кредит педагогикалық практикаға бағытталған.

Тыңдаушылар курс барысында педагогика, психология, инклюзивті білім беру, оқушылардың физиологиялық дамуы, білім берудегі цифрлық технологиялар және білім беру бағдарламаларына сәйкес пәнді оқыту әдістемесі, бағалаудың өлшемдік технологиялары тағы басқа пәндерді оқиды.