Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > Республика күніне орай университет қызметкерлері марапатталды

Республика күніне орай университет қызметкерлері марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінде Республика күніне орай «Елім, жерім Қазақстаным» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Жиында еліміздің ғылым және жоғары білім саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Шоқымға және педагогика ғылымдарының кандидаты Асқар Аймұқатовқа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар университеттің бірқатар қызметкерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің және ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.

Университет ректоры Лаура Қарабасова жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мемлекет басшысының бастамасымен он жылдан кейін қайта жаңғырған мемлекеттік мерекені ұлттық құндылықтарымызға, ұлттық бастамаларымызға қайта оралатын күн деп атап өтті.

Айта кетейік, мерекелік шараға университеттің серіктесі Heriot-Watt университетінің өкілдері қатысып, қазақ елінің мәдениетімен, дәстүрімен кеңінен танысты. Шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары, қолөнерінен көрме ұйымдастырылып, студенттер ұлттық киімдерден дефиле көрсетті.