Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Сұраныс көп, маман тапшы

Сұраныс көп, маман тапшы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде бүгін түлектер жәрмеңкесі өтті. «Білім» бағыты бойынша мамандарды таңдауға өңірімізден өзге Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарынан өкілдер келген. 24 жұмыс берушінің қатарында облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің басшылары да бар. Жас мамандарға сұраныс жоғары. Дегенмен, түлектер саны аз. Оқу орнын биыл 1800-ден астам түлек тәмамдайды. Білім бағыты бойынша бітіретіндер саны — 641. Оның 588-і сұранысқа ие.Бастауыш сынып, орыс және ағылшын тілдерінің мамандары, математика пәнінің мұғалімдері сұраныста. Қаладағы 83 мектепке 200-ге жуық мұғалім қажет. Қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовтің сөзінше, жаңа оқу жылы басталғанша шаһардағы оқу орындарының түлектерімен сұраныстың 90 пайызы жабылуы тиіс. Бүгінгі түлектер жәрмеңкесіне келгендердің бірі — Айнұр Биманова. Химия пәнін оқушыларға үш тілде үйретеді. Оқу бітірісімен Әйтеке би ауданы мектептерінің бірінде ұстаздық етеді. Түлектерді алдын ала жұмысқа бөлу облыстық білім басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Өңір бойынша 347 орынға мамандар қажет. Ал, университет түлектері мұның 60 пайызын ғана қанағаттандыра алады.

http://www.rikatv.kz/kz/news/s-ranys-k-p-maman-tapshy-.html