Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Хабарландырулар > Құрметті профессор-оқытушылар құрамы!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы!

2023 жылғы 1-10 қарашасы аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2023» республикалық конкурсының ЖОО-ішілік кезеңі өтеді.

Конкурсқа қатысу туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «16» мамырдағы №124 бұйрығымен бекітілген. Сілтемесі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021548#z6

(ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 13.03.2015ж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру Ережелерін бекіту туралы» №124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 30.10.2020ж. №466 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 30.10.2020ж. №21548 болып тіркелген).

Өтінімдер universitycontest2023.iac.kz сайты және университеттің жауапты тұлғасы — Ғылым және инновациялар департаментінің аға ғылыми қызметкері, философия докторы (PhD) Байшов Бақыт Батырбекұлы арқылы беріледі.

Конкурстың I кезеңіне университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер келесі құжаттарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз түрінде тапсырады:

1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға арналған нысанға сай өтінім;

2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер туралы мәліметтер;

3) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жұмыс кестесінің жылдық жоспары;

4) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Өтінім беру мәселелері бойынша ғылым және инновация департаментіне (5/7 кабинет) хабарласуға болады.