Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > МАГИСТРАТУРАҒА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

МАГИСТРАТУРАҒА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

Құрметті талапкерлер!

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қабылдау комиссиясы магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге түсу емтиханына тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтетінін хабарлайды. КТ-ге тіркелу 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Тестілеудің өзі 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Өтініш беру кезінде үміткер тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды.

Докторантураға түсушілер Университетке құжаттарын тапсыру 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Түсу емтиханы 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 мекенжайында өтеді.

Осы және өзге де сұрақтар бойынша (+7 747 518 35 83, +7 778 550 91 95, +7 747 789 12 85) номерлерге хабарласыңыздар.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Дұрыс таңдау жасаңыз!

маг док объявление — каз (1)