Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жастар саясаты > Zhubanov University – «Үздік жоғары оқу орны»

Zhubanov University – «Үздік жоғары оқу орны»

Студенттік құрылыс отрядтары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІХ еңбек маусымының жабылу салтанаттында Жұбанов университеті «Үздік жоғары оқу орны» номинациясымен марапатталды.

Жиында марапатталған 100 білім алушының қатарында Жұбанов университетінің 22 студентіне Астана қаласына демалуға тегін жолдама берілді.

Еңбек жасағының қатарында болған физика-математика факультетінің 3 курс студенті Рахат Досов қуанышымен бөлісті.
— «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында үш жыл қатарынан еңбек еттім. Биыл жолдаманы ұтып алғаныма қуаныштымын. Бұл жобаның жастарды еңбекке баулуда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы зор деп есептеймін, — дейді ол.

Айта кетейік, жыл сайын студенттік құрылыс отрядтары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында Жұбанов университетінің 600-ге жуық студенті белсенді қатысады.