Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Университет ғалымдарының қатары тағы бір профессормен толықты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен  физика-математика ғылымдарының кандидаты Әділжан Өтесовке математика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор(доцент) ғылыми атағы берілді.

Әділжан Өтесов Жұбанов университетінде 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Әл — Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Республикалық  оқу — әдістемелік кеңесі грифімен «Нақты анализ» оқу құралы, Жұбанов университетінің Ғылыми кеңесі шешімімен монографиясы жарық көрді. Көптеген мақалалары Scopus және ҚР ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми журналдарда жарияланған.

Ғалымды профессор атағымен құттықтап, ғылыми және шығармашылық қызметінде табыс тілейміз!