Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қауіпсіздік – басты мақсат

Қауіпсіздік – басты мақсат

Жұбанов университетінде «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық шарасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Асхат Кенжебайұлы және Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ботакөз Маратқызы қатысты.

Жиында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың, оның ішінде құмар ойын, нашақорлық, вандализм, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Спикерлер қоғамды және әрбір азаматты тәртіп орнатуда белсенді қолдау қажет екенін атап өтті. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ілгерілету, құқықбұзушылықтың барлық түрлеріне қарсы тұруды жастарға ерте бастан үйретудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында студенттер меймандарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.