Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттердің шығармашылық көрмесі өтті

Студенттердің шығармашылық көрмесі өтті

Жұбанов университетінің «Достық» өзге ұлт өкілдер одағы және Art HOUSE студенттік клубының ұйымдастыруымен «Әлемді бізбен таны» тақырыбында көрме өтті.

Көрмеге студенттердің 30-дан астам шығармашылық жұмыстары қойылды.
— Көрменің мақсаты – этностар арасындағы өзара ынтымақтастықты және өзге елдердің тілі мен мәдениетін жастарға таныстыру. Көрмеде қойылған туындыларда 12 елдің тарихы мен салт-дәстүрі, мәдениеті бейнеленген. Университетіміздің студенттерінен құралған “Достық” өзге ұлт өкілдер одағы әртүрлі форматтағы іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Сонымен қатар Қазақстан Халқы ассамблеясымен бірлесіп жұмыс істейді, — дейді университет студенті, «Достық» өзге ұлт одағының жетекшісі Анжела Чиктаева.

«Достық» өзге ұлт өкілдер одағы осыған дейін «Алғыс айтамын» акциясын, «Жанымда жүр жақсы адам» ардагерлерге алғыс айту шарасын, «Поэзия кеші» кездесу кешін және тағы да басқа көптеген шараларды өткізді. Art HOUSE студенттік клубының ұйымдастыруымен «Мың алғыс сізге дәрігер!», «Кино жұлдыздары» портреттік көрмелері, «JAS SURETSHILER ÁLEMI» шығармашылық және Ақтөбе қаласы күніне арналған «Art HOUSE» көрмелері өтті.