Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің үлгісі ретінде танылды

Университет сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің үлгісі ретінде танылды

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде түрлі квазимемлекеттік және мемлекеттік сектор ұйымдарының комплаенс-офицерлерінің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел форматында кеңес өтті.

Жиында Жұбанов университеті атынан оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Дархан Мүсіров мазмұнды баяндама жасады.

— Кеңестің мақсаты: өзара тәжірибе алмасу, түрлі ұйымдардың комплаенс-қызметтерін саралау, кеңес беру және әдістемелік қолдау. Кездесуде университеттегі комплаенс-қызметтің мақсаттары мен қызметіне, жемқорлыққа қарсы жүргізілген алдын алу жұмыстарына, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды тергеу және анықтау бойынша бірқатар табысты кейстерге тоқталдық. Мысалы, профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқару персоналы, мемлекеттік сатып алу саласында, студенттік емханада сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқықбұзушылықтар анықталды. Ақтөбелік ірі ұйымдардың алдында Жұбанов университеті сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің үлгісі ретінде танылды. Университет басшылығының қолдауы мен түсіністігі және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің белсенді азаматтық ұстанымының арқасында бір жарым жыл ішінде осындай нәтижелерге қол жеткіздік, — дейді Дархан Мүсіров.