Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > Математиканы оқытудың өзекті мәселелері

Математиканы оқытудың өзекті мәселелері

Жұбанов университетінің физика-математика факультеті базасында «Математика және білім беру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті.

Халықаралық семинарға шетелдік және отандық математик ғалымдар, мектеп мұғалімдері, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

Жиында Түркияның Балыкесир университетінің профессоры Даниял Исрафилзаде Магомед оглы, Кафкас университетінің математикалық білім докторы Эбру Эрсари, магистр, IQanat High білім беру бөлімінің меңгерушісі Құралай Құрманова мазмұнды баяндама жасады.

Баяндамашылар «Айнымалы көрсеткішті Лебег және Смирнов кеңістіктеріндегі жуықтау есептері», «Білім беру академиялық зерттеулерінде мақалалар жазу үшін ChatGPT артықшылықтары мен шектеулерін зерттеу», «Орта мектепте математиканы оқытудың принциптері» тақырыптарын талқылады.

Семинарға қатысушылар бастауыш мектеп деңгейінде математикалық білім беру сабақтарын жоспарлау, ChatGPT жасанды интеллекті ұсынатын мүмкіндіктер және тағы басқа математиканы оқытуда іргелі білім беру мәселелері бойынша біліктіліктерін арттырды.