Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > TEDx Zhubanov: Voices of Care

TEDx Zhubanov: Voices of Care

Жұбанов университетінде Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен TEDx Zhubanov: Voices of Care (қамқорлық дауысы) атты шара өтті. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында өткізілген шараға өңірге танымал кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен спортшылар қатысты.

Жиында «DASTAN» компаниялар тобының президенті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Асхат Айтжанов, «Mega Stars» би мектебінің жетекшісі, көпбалалы ана Мадина Мұратова, «Center Group» құрылыс холдингінің президенті Самат Урмагамбетов, «Банк Центр Кредит» АҚ-ның Ақтөбедегі филиалының директоры Әсел Шүнкеева, дзюдодан спорт шебері, 3 дүркін Азия чемпионы, көпбалалы ана Алма Жарманова көпшілік алдында өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Аталмыш іс-шараны өткізудегі басты мақсат – қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы күресте отбасының маңыздылығы мен құндылығы туралы шабыттандыратын оқиғаларды зерттеуге және бөлісуге бағытталған.
Жиынға қатысқан студенттер спикерлерге сұрақ қойып, пікір алмасты.