Среда, Май 1, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің 29 студенті оқу ақысына жеңілдік алды

Жұбанов университетінің 29 студенті оқу ақысына жеңілдік алды

Жұбанов университетінің 29 студентіне «Қазақойл Ақтөбе» компаниясы тарапынан бір реттік оқу ақысына жеңілдік берілген сертификаттар табыс етілді.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев университетте әлеуметтік жағдайына байланысты және белсенді, үздік оқитын студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтіп, жастарға қолдау танытқаны үшін компания өкілдеріне алғысын білдірді.

«Қазақойл Ақтөбе» компаниясының кадрлық және әлеуметтік мәселелер бойынша департамент директоры Асхат Өтегенов компания Мұғалжар ауданынан шыққан студенттерге басымдық бергенін, оның ішінде әлеуметтік жағдай басты назарға алынғанын айтты.
— Білімді жастар – біздің болашағымыз. Жастарға қолдау танытуға әркез дайынбыз, — деді компания өкілі.

Кездесуге келген Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов бұл жастарға берілген керемет мүмкіндік екеніне тоқталды.