Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті үздік мамандықтар бойынша ЖОО арасында алғашқы ондыққа кірді

Жұбанов университеті үздік мамандықтар бойынша ЖОО арасында алғашқы ондыққа кірді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жылдағы дәстүр бойынша жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау өткізіп, рейтингін жариялады. Рейтинг нәтижелері бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 25 білім беру бағдарламасы алғашқы ондық қатарына енді.

Оның ішінде университеттің бес білім бағдарламасы үздік үштік қатарында тұр. Атап айтсақ:
-«Білім беру психологиясы және менедженті»;
-«Математика»;
-«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»;
-«Химиялық инженерия»;
-«Орыс тілі мен әдебиеті».

Сонымен қатар үздіктер қатарында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Физика», «Информатика», «Дизайн» және «Тарих» тағы басқа білім беру бағдарламалары бар.

Жұбанов университеті еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша болашақ мамандарды даярлауға басымдық береді. Университет рейтинг бойынша Қазақстанның үздік 5 жоғары оқу орнының қатарында төрт жылдан бері көшбасшылық позицияны сақтап келеді.

«Атамекен» ҰКП рейтингісінде жоғары балл жинаған білім беру бағдарламаларын үнемі дамытуға үлес қосып жүрген әріптестерді құттықтаймыз!