Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде «Ұлттық сезім» бастамасын қолдау жалғасуда

Жұбанов университетінде «Ұлттық сезім» бастамасын қолдау жалғасуда

Бүгін университет ұжымы және студенттердің ұйымдастыруымен ауқымды іс-шара өткізілді.

Университеттің талантты студенттерінің қолынан ұлттық нақышта тігілген киімдерден дефиле көрсетілді. «Домбыра party» ұйымдастырылып, өнерлі жастар қазақтың күйлерін нақышына келтіре орындады. Кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушылары ән шырқап, жігіттер қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық атудан жарысты. Сонымен қатар аталған шараға университет жанындағы Конфуций институты қызметкерлері де атсалысты.

Іс-шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары да дәріптелді. Жиналғандар дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тиді.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында бастау алған жалпыұлттық флешмобты қолдау университетімізде әлі де жалғасады.