Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Zhubanov-2024» ғылым айының ашылуы өтті

«Zhubanov-2024» ғылым айының ашылуы өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ғылым айы басталды. Оқу орнында 2-30 сәуір аралығында 50-ге жуық маңызды ғылыми іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Университет ректоры Лаура Қарабасова биылғы жыл ерекше оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

  • 2024 жыл айтулы даталармен сәйкес келіп отыр. Қазақ Ғылым Академиясының негізін салушы Қаныш Сәтбаевқа және университетіміз есімін иеленіп отырған ғалым, тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы Құдайберген Жұбановқа — 125 жыл. Жерлесіміз академик Рабиға Сыздықтың 100 жылдығы. Осындай ғалымдарымыздың ғылыми мұрасына, шығармашылығына ерекше назар аудартуымыз – маңызды, — деді университет басшысы.

Сондай-ақ, ректор соңғы жылдарда университет жеткен ғылыми жетістіктер жайлы айтып, академиялық ортада маңызды алмасулар болғанына тоқталды.

Ғылым айының ашылу салтанатында Құдайберген Жұбановқа арналған көрме ұйымдастырылып, онда ғалымның кітаптары, қолданған жазу машинасы,  сонымен қатар профессордың өмірі, бейнесі, кітаптары бейнеленген студенттердің 200-ге жуық графика және экслибрис туындылары қойылды.

Айта кетейік, ғылым айы аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ғылыми жобалар байқауы, ғылыми көрмелер, шетелдік ғалымның дәрістері, олимпиада, семинар, танымдық кештер, тренингтер және тағы да басқа іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда.