Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің студенттері тоғызқұмалақтан топ жарды

Жұбанов университетінің студенттері тоғызқұмалақтан топ жарды

Өскемен қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті.

Он күнге созылған тартысты додаға 360-тан астам тоғызқұмалақшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Чемпионаттан Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері Алмас Тілегенов пен Диас Жанбау жүлдемен оралды. Атап айтсақ, Алмас Тілегенов классика түрінен бірінші орын иеленді. Ал Диас Жанбау рапид және блиц түрлерінен екінші орын иеленіп, рапид түрінен Румыния қаласында өтетін Әлем Кубогіне жолдама алды.

Алмас Тілегенов тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Спорт шебері. Тоғызқұмалақтан ҚР ересектер құрамасының мүшесі. ҚР жастар мен жасөспірімдер арасындағы чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы. Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Диас Жанбау тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Тоғызқұмалақтан ҚР ересектер құрамасының мүшесі.  Ересектер арасындағы Әлем Кубогінің жеңімпазы, Жастар мен жасөспірімдер арасындағы 9 дүркін ҚР чемпионы, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері.

Спортшыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!