Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Үздік математиктер сайысы

Үздік математиктер сайысы

Бүгін Жұбанов университетінде ғылым айы аясында Батыс өңіріндегі жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Математикалық тартыс» сайысы басталды.

Сайыста Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті және Жұбанов университетінің «Математика» білім бағдарламасының студенттерінен құралған командалар өзара бақ сынайды.

Екі күнге созылатын сайыс барысында командалардың есеп шығарудағы жылдамдығы ғана емес, олардың шығару жолын түсіндіре білу шеберлігі де бағаланатын болады. Әр команда үш тартысқа қатысады.

Аталған шара физика-математика ғылымдарының докторы, Жұбанов университетінің құрметті профессоры Марат Ахметтің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар және дипломдар, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.