Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Аппараттық жиын өтті

Аппараттық жиын өтті

Бүгін Жұбанов университетінде Басқарма Төрағасы-Ректордың аппараттық жұмыс жиыны өтті.

Жиынға басқарма мүшелері, факультет декандары, құрылым басшылары және кафедра меңгерушілері қатысты.

Университет ректоры Лаура Қарабасова алдымен оқу орнындағы кадрлық өзгеріске тоқталып, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор лауазымына тағайындалған Еркін Тастанқұловқа жаңа қызмет жолында сәттілік тіледі. Айта кетейік, Еркін Тастанқұлов бұған дейін университеттің Кітапхана директоры лауазымын атқарған болатын.

Жиында Басқарма Төрағасы оқу орнының басым бағыттарының бірі білім алушылардың қауіпсіздігі екенін атап өтті. Жастарға дұрыс тәрбие беру, қамқорлық көрсету, өздерін мақсатты басқаруға бейімдеу аса маңызды екеніне тоқталып, студенттермен жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының тиімділігі жайында айтты.

Сонымен қатар жұмыс жиыны кезінде ақпараттық қауіпсіздік, жаңа PhD мамандарды жұмысқа тарту, тәрбие жұмыстары және студенттердің қауіпсіздігі туралы мәселелер талқыланды.