Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет жатақханаларында қауіпсіздік шаралары пысықталды

Университет жатақханаларында қауіпсіздік шаралары пысықталды

Жұбанов университетінің жатақханаларында өрт қауіпсіздігі және террористік шабуыл қаупіне қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу шаралары өтті.

Оқу орнының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі және Қауіпсіздік қызметі мамандары жатақхана ғимараттарынан студенттер пен қызметкерлерді эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізіп, өрт туындаған жағдайда немесе террористік шабуылдар қаупіне қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме сабақтар жүргізді.

Университеттің азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Манас Молданиязовтың айтуынша, мұндай шараларды өткізудегі мақсат — өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу.
«Университет жатақханаларында өткізілген оқу-жаттығу жұмыстарының нәтижелері бойынша жіберілген қателіктерге талдау жүргізіп, тиісті қорытындылар жасалды. Оқу сабақтары сәтті өтті», — дейді ол.