Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қытайда тілдік тағылымдамадан өтеді

Қытайда тілдік тағылымдамадан өтеді

Бүгін Жұбанов университетіндегі Конфуций институты тарапынан ұйымдастырылған емтихан іріктеуінен өткен 20-ға жуық қызметкер мен студенттерге көктемгі тілдік лагерь мәдени шарасына қатысуға жолдама берілді.

Олар сәуір айының 14-27 аралығында ҚХР Үрімші және Ухань қалаларында өткізілетін «Көктемгі тілдік лагерь» бағдарламасына қатысады. Қатысушылар қысқа мерзімде қытай тілін меңгеру деңгейін арттырып қана қоймай, Қытайдың тарихи-мәдени жерлерімен танысады.

2024 жыл – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланғаны белгілі. Аталмыш шараны осы жоба аясында Қазақстан-Қытай екі мемлекет арасындағы білім және мәдениет байланысын жүзеге асыру, екі ел достығын, гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚХР Білім министрлігі қытай тілі және шет тілдері өзара алмасу және ынтымақтастық орталығымен бірлесе Синьцзян қаржы-экономикалық университеті ұйымдастырып отыр.