Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > 11-12 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov university олимпиадасы» өтті

11-12 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov university олимпиадасы» өтті

Олимпиадаға еліміздің әр аймақтарынан және Ақтөбе қаласы мен аудандарынан 3000-ға жуық оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар математика-физика, математика-информатика, математика-география, биология-география, химия-биология, дүниежүзі тарихы-география, дүниежүзі тарихы-шетел тілі, дүниежүзі тарихы-құқық негіздері, қазақ тілі-қазақ әдебиеті,орыс тілі-орыс әдебиеті,география-шетел тілі, музыкалық білім, хореография, мәдени-тынығу жұмысы бағыттары бойынша бақтарын сынады.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар бейіндік пәндер бойынша тестілеуден өтсе, екінші кезеңде практикалық тапсырмаларды орындады.Шығармашылық емтихан бойынша оқушылардың орындаушылық шеберлігі сыналды.

Бас жүлде иегерлеріне 2024-2025 оқу жылына университеттің 100% гранты берілді. Ал екінші орын жеңімпаздары оқу ақысына 50% жеңілдік, үшінші орын алғандар 35% жеңілдік берілген сертификаттарға ие болды.

Айта кету керек, гранттар мен жеңілдіктер сертификаты жобада қатысқан бағытына қарай университетке тиісті мамандыққа ақылы түскен жағдайда ғана жарамды.