Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге Құдайберген Жұбановтың тіл ғылымы саласындағы мұралары жайында дәріс оқылды

Студенттерге Құдайберген Жұбановтың тіл ғылымы саласындағы мұралары жайында дәріс оқылды

Бүгін «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығында «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы А.С.Кушкимбаева қазақ филологиясының 3-курс студенттеріне «Когнитивтік лингвистика» пәнінен «Қ.Жұбанов — тіл ғылымының жаңа дәуірінде» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәрісте Құдайберген Жұбанов мұралары антропологиялық парадигма тұрғысынан қарастырылды. Профессордың тілтаным мұралары сызба-жоспар күйінде басшылыққа алынып, талдау жасалды. Сондай-ақ, Қ.Жұбановтың ұлттық тіл білімі бойынша қалдырған мұрасы қазіргі тіл ғылымының даму үрдісімен байланыстыра түсіндірілді. Студенттер ғалым мұраларымен таныса отырып, оның айтқан пікірлеріне өз көзқарастарын білдірді. Дәріс соңы қызу пікірталасқа ұласты.

Дәріске жұбановтанушы ғалымдар Н.А.Садуақас пен М.О.Миров қатысып, Қ.Жұбановтың ғылыми мұралары мен идеяларын студенттерге түсіндірді.

Тұңғыш-лингвист ғалым Құдайберген Жұбановтың сарқылмас мұраларымен студенттерді терең таныстыру мақсатында ұйымдастырылған дәріс алдағы уақытта да жалғасатын болады.