Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ғылымға арналған ғұмыр

Ғылымға арналған ғұмыр

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған педагогика ғылымдарының кандидаты Айболған Кенжеғұлқызы 70-ке толды. Жарты ғасырдан астам ұстаз еткен жанның мерейтойына орай Жұбанов университетінде ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Бұл жиын республикалық деңгейде өтіп жатыр. Алматы, Атырау қалаларынан келген әріптестері ұстаздың ғылым жолындағы өміріне ой жүгіртті.

Өзінің еңбек жолын кішкентай ауылда қарапайым мұғалім болып бастаған Айболған Кенжеғұлқызы бүгінде бірнеше ғылыми мақалалар мен оқулықтардың авторы. Ғалым әлі күнге дейін балаға білім берудің жаңа инновациялық жолдары мен әдіс-тәсілдерін өз еңбектерінде қалтқысыз зерттеп келеді. Тіпті, баланы 6 жастан бастап мектепке беруге байланысты алғаш сынақ өткізген жандардың бірі де Айболған Кенжеғұлқызы.

Айерке Зинедина

источник