Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ақбота әкелген кезекті жүлде

Ақбота әкелген кезекті жүлде

Жұбанов университетінің «Музыкалық білім» мамандығының соңғы курсында оқып жүрген Ақбота Тәжімағанбетова байқауларға жиі қатысып, әншілік қабілетін сынақтарға салғанды ұнатады. Байқаулардың кәсіпте шыңдалуға зор мүмкіндік беретініне ол сенімді.

Бүгін Ақбота  университетке әншілер байқауынан алған кезекті жүлдесін алып келді.

Байғанин ауданының 90 жылдығына орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бәкір – сазгер, Өтежан — ақын» байқауында Бәкір Тәжібаевтың «Соғыстың соңғы әні» шығармасын орындап, І орынды иеленді.

Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде байқауға қатысушылар Өтежан Нұрғалиевтің өлеңдерін мәнерлеп оқыса,  екінші кезеңде Бәкір Тәжібаевтің әндерін орындады.

Студент Ақбота Тәжімағанбетованы бұл байқауға ұстазы, белгілі ақтөбелік маэстро  Марат Айтимов дайындады.