Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ректор Б.А.Ердембеков университеттің белсенді студенттерімен кезекті кездесуін өткізді

Ректор Б.А.Ердембеков университеттің белсенді студенттерімен кезекті кездесуін өткізді

Дәстүрге айналған ректормен кездесуге «Ғылыми-инновациялық бағдарламалар» департаментінің директоры Берікхан Ісбек, «Инновация және кәсіпкерлікті дамыту» орталығының директоры Әсел Шетиева, студенттік ректорат мүшелері, студенттік ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында Бауыржан Аманкелдіұлы студенттер арасында жаңа студенттік ректорды сайлау және студенттер арасындағы тәрбие төңірегінде ой қозғады. Сонымен қатар ол жақында өткен «Стартап» жобасы төңірегінде ақпараттармен бөлісіп, сол турасында жаңа идеяларын ұсынды. Жатақханаға қатысты мәселелер де осы жиында толық қамтылды, студенттер өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жасады.

Жиналыс соңында студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне бассейн қызметін пайдалануға абонементтер табыс етілді.