Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ош мемлекеттік университетінің 4 студенті оқуларын бізде жалғастыруда

Ош мемлекеттік университетінің 4 студенті оқуларын бізде жалғастыруда

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де  білім алу үшін  шетелдік студенттер көптеп келуде. Бұл негізгі білім беру бағдарламалары мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алатын шетелдік студенттер санының артуымен расталады. Біздің университетке алмасу бағдарламалары арқылы келген студенттерді  қазақ мәдениетінің бірегейлігі де қызықтырады. Осыған байланысты, Ош мемлекеттік университетінің  (Қырғызстан Республикасы) студенттері біздің университетіміздегі  халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына екінші жыл қатысып отыр.

Осылайша Ош мемлекеттік университетінің 2 және 3 курстың 4 студенті «Аударма ісі» және «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығына қабылданып, біздің студенттермен бірге білім алуда.  Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша студенттер емтихан тапсырып, бағалары қойылған транскрипт алады. Оқу үрдісімен қатар, студенттер қала мен аймақтың көрнекті жерлерімен танысып, театрға және басқа да мәдени-ойын-сауық шараларына қатысады.

 

Сабина Кужанова,

Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы