Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 110)

Көңіл айтамыз

Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы Әбіл Әсем Нағиқызы 33 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Жұбанов университетінің ұжымы Әсем Нағиқызының отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, университет ұжымының есінде.

Көбірек

Докторантураға түскен талапкерлердің тізімі жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы докторантураға сынақ тапсырғандардың жинраған ұпайының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Докторантура емтиханының нәтижесін мына сілтемеден жүктеп алуға болады. «Қосымша ақпарат бойынша құжат тапсырған ЖОО-ға жүгіне аласыздар» деп ескертті тестілеу орталығы. Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталғанын хабарлаған болатынбыз. Биыл докторантураға түсуге үміткерлер әңгімелесуден өтіп, эссе жазды, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған

Көбірек

Ақын мерейтойы аталып өтті

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуынаорай «Тәуелсіздік жолымен: Шаханов шыққан шың» атты тарихи-танымдық шара өтті. Сондай-ақ «Қазақ поэзиясының ақберені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты. Музейдің бөлім меңгерушісі Қыдырғали Ермұқан жүргізген шара

Көбірек

Ғылым және жоғары білім форумы өтіп жатыр

24-25 тамыз күндері елордада «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым мен жоғары білім форумы өтіп жатыр. Форумда қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланады, жаһандық трендтерге сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамыту бағыттары айқындалады, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басымдықтар мен міндеттер

Көбірек

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Конституция күніне орай қазақстандықтардың жұмыс күндері өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz. 22 тамыздан бастап қазақстандықтар үшін ұзақ жұмыс аптасы басталады. Яғни, мерекелердің кейінге шегерілуіне байланысты қазақстандықтар алты күн жұмыс істейді. 30 тамызда Қазақстан Конституция күнін атап өтеді. Биыл бұл атаулы мереке сейсенбіге дөп келеді. Сондықтан 29 тамыздағы жұмыс күні 27 тамызға ауыстырылды. Осылайша, бес күн

Көбірек

Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл магистратураға түсу конкурсында грант жеңіп алған үміткерлердің тізімімен  төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады. Магистратураға мемлекеттік білім гранттарын тағайындайтын Республикалық комиссия отырысы аяқталды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері

Көбірек

88 мың гранттың көбі өз иесін тапты

Биылғы оқу жылына бөлінген 88 мың гранттың көбі өз иесін тапқан. Жалпы грант тағайындау жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталуға тиіс. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі таңда оқуға қабылдау процесі жүріп

Көбірек

«Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтуге құжат қабылданады

Өтінімдер 14 қазанға дейін Egov мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Биыл тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді. 2022 жылы тағылымдамадан өтуге қызметкерлердің мына санаттары бекітілген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық қызметкерлер, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым педагогтері. «Болашақ» бағдарламасы

Көбірек

Еліміздің әр өңірінде жаңа мамандықтар атласы дайындалады

Еліміздің әр өңірінде жаңа мамандықтар атласы дайындалады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында әр өңірде жаңа мамандықтар атласы дайындалады. Ол бағдарлама былтыр Павлодар облысында ілкі жоба ретінде іске асырылды. Енді әр өңірдің өңірлік атласы, әр саланың атласы болады.

Көбірек