Пятница, Май 17, 2024
Басты > pressa (Страница 15)

Пікірсайыспен шұғылдану болашақ мамандығыма пайдасын тигізетініне сенімдімін

Аманжол Ханиев резюмесіндегі өзі туралы пікірінде 2020 жылы Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектепті үздік аяқтап, Алтын белгі иегері атанғанын, адамдармен тез тіл табысатынын, бойында қалыптасқан сенімділік, мақсатқа жету білу,​ оптимизм, командамен жұмыс жасай алу, креативті ой-сана дағдыларын бағалайтынын баяндаған. Ол пікірсайыс ойынына қызыққан жастарға бағыт беретін ізгі көшбасшы да. Zhubanov University

Көбірек

Алаш қайраткерлерінің есімдерін жаңғыртуымыз керек

Әлібек АМАН, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің деканы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени мәселелері айтылған. Білім беру саласының маманы, тарихшы ретінде сұхбаттың ел тарихына, тарихи тұлғаларына қатысты айтылған тұсына ерекше мән бердім. Мұның тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы, мәдени, идеологиялық мәні өте зор екендігі белгілі. Бұл

Көбірек

Тәрбие мамандарына арналған «New challenge – 2024» тақырыбында breakfast семинар өтті

Семинарға деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің мамандары қатысты. Іс-шара барысында жастар тәрбиесіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Жастар арасындағы қылмысты болдырмау жолдары, кәмелетке толмаған жастармен жұмыс жасау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттермен тығыз қарым-қатынас орнату тағы

Көбірек

«Қысқы зерттеу мектебі-2024» жобасының қатысушыларына сертификат табысталды

Бүгін «Қысқы зерттеу мектебі-2024» жобасы өз жұмысын қорытындылады. Бір апта бойы университеттің 100-ге жуық оқытушысы білікті мамандардан ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша дәріс алып, өзара тәжірибе алмасты. Қысқы зерттеу мектебі аясында ғылыми гранттық қаржыландыру жобаларына және шетелдік гранттарға өтінім беру, ғылыми зерттеу жоспарын (Research Proposal) әзірлеу, шетелдік басылымдарға ғылыми мақалалар жариялау (Scopus, Web

Көбірек

Жұбанов университеті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен тәжірибе алмасты

Жұбанов университетіне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілдері келді. Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры Зәкір Жұмағұлов және аппарат басшысының орынбасары Қайрат Кабдуллин университеттің басқарма мүшелерімен кездесті. Кездесу кезінде екі тарап серіктестік байланысты нығайту, өзара тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Университет ұжымы меймандармен Heriot-Watt университетінің филиалын ашу тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында Қазақ ұлттық қыздар

Көбірек

Арман мақсатқа айналса орындалады

Буранкулова Эльмира Темирбаевнаның Zhubanov University Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі қызметіндегі екінші оқу жылы . Ph.D., аға оқытушының жоғары білім беру саласында еңбек етіп келе жатқанына 20 жыл. Ол арман мақсатқа айналса орындалатынына кәміл сенеді. Өйткені өз тәжірибесінен куә. Ортақ әңгімеміз кафедраның бүгінгі тынысы, келешек міндеті туралы. Сұрақ қойған

Көбірек

Лаура Қарабасова: “Халықаралық Heriot-Watt филиалының алғашқы студенттері ретінде университет тарихында сіздердің орындарыңыз айырықша” 

Бүгін университет ректоры Лаура Қарабасова халықаралық Heriot-Watt факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Ректор студенттерді бірінші семестрді сәтті аяқтауымен құттықтап, алдағы уақыттағы оқу процесі барысымен, екінші семестрде арнайы пәндерден дәріс беретін білікті профессорлар құрамымен таныстырды. - Халықаралық Heriot-Watt филиалының алғашқы студенттері ретінде университет тарихында сіздердің орындарыңыз айырықша. Өздеріңізге мәлім, Heriot-Watt - Ұлыбританияда көш бастап

Көбірек

Ботагоз Керимбаева: Шетел тілдерін жетік меңгеру барлық ғылым саласына жол ашады

Жаһандану заманында тіл білу басты шарттың бірі. Шет тілдерін жетік меңгеру карьералық өсу мен өмірлік жетістіктерге бастайтын шамшырақ десе де болады. Сондықтан болар жастардың шетел тілдерін оқып, маман болуға деген қызығушылығы уақыт сайын артуда. 2023-2024 оқу жылында Zhubanov University филология факультеті құрылымына қосылғанына біраз жылдар өткен шетел тілдері факультеті жеке

Көбірек

Университет түлегін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз!

Дидар Боранқұлов Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасын басқарады. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жұбанов университеті ұжымының атынан Дидар Боранқұловты жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз! Жаңа салада кәсіби табыс, шығармашылық шабыт және зор денсаулық тілейміз!

Көбірек