Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тәрбие мамандарына арналған «New challenge – 2024» тақырыбында breakfast семинар өтті

Тәрбие мамандарына арналған «New challenge – 2024» тақырыбында breakfast семинар өтті

Семинарға деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің мамандары қатысты.

Іс-шара барысында жастар тәрбиесіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Жастар арасындағы қылмысты болдырмау жолдары, кәмелетке толмаған жастармен жұмыс жасау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттермен тығыз қарым-қатынас орнату тағы басқа маңызды сұрақтар көтерілді.

Семинарда полиция капитаны Казыбек Адайбаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина, тренер, ментор Райбек Сағадатов мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ, «Денсаулық және салауаттылық» орталығының жетекшісі Анна Гниденко психологиялық тренинг өткізді.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі жөніндегі проректор м.а Нарқозы Қартжан мұндай іс-шаралардың тәрбие саласының мамандары үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.
— Жастардың қоғамдық өмірге араласуы, оларға психологиялық қолдау көрсету, құқықбұзушылыққа, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері үнемі басты назарымызда, — дейді ол.