Суббота, Май 4, 2024
Басты > pressa (Страница 168)

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде KAZSEE Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2021 жылғы 17-18 қараша аралығында дәстүрлі форматта өтеді (of-line). Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар: 6В07101-Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру 6В07104-Экоэнергетика 6В07201-Тау-кен ісі 6В070202-Мұнай-газ ісі 6В07207-Жеңіл өнеркәсіп

Көбірек

Кеңес билігіне қарсы шыққан діндерлар ақтала ма?

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінің ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы «Дін дүрбелеңі»: кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны Бақытжан ­Сатершинов жүргізіп, модераторлық жасады. Алқалы жиында саяси қуғын-сүргін көрген дін қайраткерлерінің рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Конференция ҚМДБ Төрағасы, Бас

Көбірек

Өмір бойы бір диплом сценарийі енді маңызды емес – Білім министрі

Қазақстанда Еуропалық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарт енгізілуде. Өткен жылы ұлттық біліктілік шеңбері Еуропалық біліктілік шеңберімен өзін-өзі сертификаттау рәсімінен өтті. Енді осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының дипломдарын Еуропада танылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Бұл жайында бүгінгі Үкімет отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Egemen.kz. Асхат Аймағамбетов баяндама барысында

Көбірек

Бүгін – Халықаралық студенттер күні

Бүгін – Халықаралық студенттер күні. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны белгілі. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей

Көбірек

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша берілетін болады. Бұл ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінімдерді қабылдау 15 қараша басталды. Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу болып табылады.  «Қазіргі таңда отандық

Көбірек

Асхат Аймағамбетов: 2025 жылға қарай стипендия тағы екі есе өседі

Мемлекеттік университеттер бұдан былай жөндеу жұмыстары мен жалақы шығындарына, материалдық-техникалық базаны жаңартуға бюджеттен қаржы сұрай алмайды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырсында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай тағы да екі есе, ал

Көбірек

Қазақстанда оқушыларға арналған президенттік олимпиада басталды

Бүгін Қазақстанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды. Биыл министрлік пен отандық жоғары оқу орындары арасында қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде жеңімпаздар жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын жеңіп ала алады. Қорытынды кезең Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтіп жатыр. Олимпиада 15 қараша басталып,

Көбірек

Діни тұлғалардың қуғындалуы: дерек пен дәйек

Үмбетқан Сәрсембин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Түзу дін – ұлттық рухтың тірегі. Тіл мен дін ұлт болмысының рухани күретамыры. Демек, ұлт мәдениетінің басты құн­дылықтары. Большевиктер билігі ұлтты зиялыларынан ажыратып, халықты діні мен тілінен айыруды мақсат етті (дін мен тілдің қыс­пақ көруі патшалық Ресей заманынан бастау алғандығы да

Көбірек

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында құжаттар қабылданады

Құрметті студенттер, магистранттар және факультет үйлестірушілері! Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті  2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарында оқу үшін халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында құжаттар қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлайды. 1 қарашаға дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген үміткерлердің тізімі бар кафедралар мен факультеттер кеңесі хаттамаларының көшірмелерін ұсынуды

Көбірек